ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «ӘУЛИЕ» ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ САКРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ

Том 89 № 2 (2025), ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 89 № 2 (2025)
2025-06-30

Авторлар

  • Әділбек Нәби Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0001-3586-3098
  • Султанмурат Абжалов Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Жахангир Нұрматов Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0001-5083-0748
  • Айымжан Рыскиева Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті https://orcid.org/0000-0001-8433-729X

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нәби, Ә. ., Абжалов, С., Нұрматов, Ж., & Рыскиева, А. . (2025). ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «ӘУЛИЕ» ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ САКРАЛЬДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ. Аль-Фараби, 89(2), 18–30. https://doi.org/10.48010/2025.2/1999-5911.02

Аңдатпа

Бұл мақалада «Үкаша ата құдығы» мәселесін философиялық талдауға бетбұрыстар жасалды. Алдымен «сакральділік» мәселесіне шолулар жүргізілді, ол дінтану әдіснамасы бойынша өзіндік бір мағыналықа ие екендігі туралы  мағлұматтар берілді. Үкаша ата құдығы туралы сакральділік екі арнада қарастырылды. Біріншісі, Үкаша атаның өзінің тұлғалық болмысы, өмірбаяны, ислам діні мен қоғамдағы орны болса, екіншісі,  құдықтың нақты тарихи мазмұны мен жалпы «құдық» феноменінің сакральді сипаты. Бұл зерттеулерімізде біз алдымен, Үкаша ата мен оның құдығы туралы таза этнографиялық көзқарастарды негізге алдық. Бұл көзқарастардың ішінде халықтық дүниетанымдағы сакральділік пен Үкаша ата, оның құдығын құндылықтық бағдарлар деп танитын діни апологетикалық көзқарастар  ғана негізге алынды. Сондықтан да, басқа жаратылыстанулық ғылыми мәліметтер болмағандықтан, нарративті білімдер мен ислам дініне басымдылық беретін діни философиялық пікірлерге сүйендік. Дегенмен, рационалды философиялық көзқарас тұрғысынан талдау қолданылды. Этнографиялық мәліметтер ретінде қоғамдық санадағы пікірлерді жинақтап, Үкаша ата құдығы туралы мәселені интегративті таным аясында қарастыра келе, оған әрқилы көзқарастар тұрғысынан қорытындыларымызды ұсындық: амбивалентті диссонанс; еркін-ойдың демистификациясы-скептицизмі; аксиологиялық – сакральды құндылықтарды қайта бағалау; ұлттық діл мен код; деконструкция-психоаналитикалық тәсіл; прагматистік реконструкциялау – ақиқат өлшемі; редукционизм; лингвистикалық философия.   

Түйін сөздер: сакральділік, құдық, философия, ислам діні, мистика-мифология, ұлттық бірегейлік.