DOI:
Зерттеу виртуал реалдықты онтология, сана философиясы және тіл философиясы тоғысындағы феномен ретінде философиялық тұрғыда талдауға бағытталған. Еңбектің өзектілігі виртуал реалдықтың әлеуметтік және когнитив салаларындағы рөлінің артуы, сондай-ақ оның шындықты қабылдауға әсерін сыни тұрғыдан түсіну қажеттілігімен де анықталады. Зерттеудің мақсаты – философиялық, лингвистикалық және семиотикалық тұғырлар арқылы виртуалдықтың концептуал негіздерін анықтау. Әдіснама реалдықтың философиялық тұжырымдамаларын, ментал кеңістіктің лингвистикалық теориясы және әлеуметтік эпистемологияның тұғырларын қамтитын пәнаралық талдауға негізделген. Негізгі нәтижелер сана және тілмен өзара қарекетте болатын динамикалық онтологиялық құрылым ретіндегі виртуал реалдық тұжырымдамасын қалыптастырудан тұрады. Зерттеуде виртуалдықтың технологиялық феномен болуымен қатар, реалдықты қабылдау мен интерпретациялаудың іргелі мәселелерін қаузайтын философиялық категория екені бағамдалады. Еңбектің спецификасы виртуалдықтың философиялық, лингвистикалық және семиотикалық талдауының интеграциясында түйінделген, бұл оны қазіргі философиялық дискурс аясында интерпретациялаудың жаңа тұғырын ұсынуға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: виртуалдық онтологиясы, сана философиясы, семиотика, ментал кеңістік, когнитив лингвистика, әлеуметтік эпистемология