ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ БОЛМЫСЫН ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ТАҚЫРЫПТЫҚ ТАЛДАУ

Том 85 № 1 (2024), ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

Аңдатпа

Дәстүрлі қолданбалы өнерді зерттеу, философия, тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, эстетика, өнертану, археология, этнология және т.б. ғылымдардың түйіскен жерінде орын тебетін бір қатар жалпы әдіснамалық сұрақтардың шешімін топшылайтын кешенді мәселе болып табылады. Мақалада Қазақстанның гуманитар-ғалымдарының әртүрлі бағыттағы зерттеулерінің нәтижелерін тарихи қалыптасуы мен дамуында алынған зерттеу феномені болмысының құндылықтық-мағыналық сипаттамаларын анықтау мақсатында синтездеуге деген талпыныс іске асырылған.

Еуразиялық даланың кең аумағында, ал оның орталық аймағында қазақ жерінің айқара созылып жатқаны белгілі, - мыңдаған жылдар бойы күрделі мәдени-өркениеттік, этногенетикалық, демографиялық, саяси-әлеуметтік үдерістердің бой көтеріп, солардың өтінде біте қайнаса отырып қазақ этносының қалыптасып, жалпы түріктік дәстүрлі мәдениет пен өнер бай қазынасының автохтонды иеленушілерінің бірі болғаны белгілі.

Авторлар А. Х. Марғұлан, Х. А. Арғынбаев, М. С. Мұқанов, С. Ақатаев, К. Ш. Нұрланова, Б. К. Байжігітов және т.б. белгілі ғалымдардың зерттеу материалдарын пайдалана және Дж. Холтонның тақырыптық талдау әдіснамасына сүйене отырып, қазақ дәстүрлі мәдениеті мен қолданбалы өнері болмысының жалпы суреттемесін қайта жаңғыртуға, олардың құндылықтық-мағыналық архетиптерін ашуға тырысып, осы негізде қазақ этносының автохтондығы, оның ұлттық бірегейлігі, мәдениеті мен өнерінің өзболмыстығы сияқты маңызды тақырыптардың баянды шешімін беруге ұмтылады. Қазақ ғалымдары зертеулерінің тақырыптық құрылымына бірқатар маңызды философиялық-дүниетанымдық, мифтік-поэтикалық, этика-эстетикалық, тарихи-этнологиялық элементтердің (тақырыптардың) кіретіні, сөйтіп дәстүрлі халық қолданбалы өнері болмысының ақиқатын ашуға ұмтылдыратыны көрсетілген.

Түйін сөздер: қазақ мәдениеті, өнер, дәстүр, дәстүрлі қолданбалы өнер, құндылық, өзболмыстық, ұлттық бірегейлік, тақырыптық құрылым.