ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

СЕНІМ ҚҰБЫЛЫСЫ: КОНЦЕПТУАЛДЫ ТАЛДАУ

Том 85 № 1 (2024), ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

  • Макпал Дабылтаева КазНУ им. Әль-Фараби
  • imanbekovabibigul Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-7727-2982
  • toktarov_eb Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты https://orcid.org/0000-0002-8691-5222

Аңдатпа

Мақалада "сенім феноменін" тұжырымдамалық анықтаудың әлеуметтік-психологиялық, экономикалық және саясаттану ғылымдағы тәсілдері мен анықтамалары талданады. Қоғамдағы әлеуметтік институттардың жаңа кеңістіктегі әлеуметтік өзгерістерге ұшырауы, сенім мәселесінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында жаңаша зерттелуін талап етіп отыр. Қоғамның құрылымы мен қызмет етуі белгілерінде, бұл уақытқа дейін сенім ұғымына нақты анықтама жоқ.Сондықтанда сенім феноменіне теориялық-тұжырымдамалық талдау жасау арқылы, пәнаралық ұғымын мен анықтамаларын жүйелеу , әлеуметтік қарым-қатынас құралы сенім феноменінің жүйелі анықтамаларын талдау өзекті.

        Сенім ұғымына концептуалды талдау жасау арқылы, әлеуметтанулық, философиялық, психологиялық, саяси-экономикалық анықтамаларын жүйелеу, сенім феноменінің әмпебеп пәнаралық ұғым ретінде негіздеу.    Концептуалды талдау арқылы сенім ұғымының әмбебап пәнаралық ұғым екені теориялық анықтамалар мен тәсілдерді жүйелеу нәтижесінде анықталды, қоғамда  сенім феноменінің қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етіп, жаңа әлеуметтік құбылыстардың қалыптасуына, әрекет етуіне түрткі болаттынымен тәжірибелік маңыздылығы нақтыланады.

      Мақалада сенім феноменіне әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-психологиялық, саяси-экономикалық анықтамалары мен тәсілдеріне концептуалды талдау  әдісін қолдана отырып, сенім мәселесінің пәнарлық ұғымын негізде, жүйелеу. Сенім  қоғамдағы әлеуметтік институттардың әлеуметтік қызметтерінің жүзеге асырылуында басты құралдардың бірі. Ол қоғам мүшелерін тұлғалық, тұлғаралық, топтық, қауымдастық, таптық деңгейде қарым-қатынас жасауын реттейтін құбылыс.

Түйін сөздер: Сенім феномені, әлеуметтік капитал, концептуалды талдау, формалды рационалды, ироционалды.