ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ САНА МЕН ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ МӘДЕНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ

Том 85 № 1 (2024), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада ұлттық сана қоғамдық сананың маңызды құрамдас бөлігі ретінде айшықтауға, ұлттық сананың құрылымын әлеуметтік-мәдени орта, әлеуметтік-мәдени болмысты түсіну және өзгерту механизмі ретінде анықтау және сипаттауға, жаһандану үдерістерінің салдарының ұлттық санаға өзіндік әсері тұрғысынан мәдени-философиялық талдауға, жаһандану өзгерістері жағдайында қалыптасатын ұлттық сананың өзіндік сипаттамаларын және оның жеке ұлттық-өтпелі құрамдас бөлігін зерделеуге, қоғамдық қауіпсіздік жүйесіндегі ұлттық сананың орны мен рөлін зерттеуге, ұлттық бірегейлікті іздеу арқылы ұлттық сананыжаңа мәдени-философиялық мәнін зерделеуге назар аударылады. Сонымен қатар, зерттеудің мақсаты жаһандану үдерісіне байланысты ұлттық сананың және ұлттық бірегейліктің маңызды өзгерістерін анықтау және талдау болып табылады. Ұлттық сана мен ұлттық бірегейлік ұғымдарының қазіргі заманғы мәдени-философиялық түсіндірмелерінің негізгі аспектілері талданылады.

Түйін сөздер: ұлттық сана, жаһандану, интерпретация, ұлттық бірегейлік, ұлттық модернизация.