ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

ӘЛЕМНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕГА-ӘЛЕУМЕТІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ МӘСЕЛЕСІ: «ЖАҺАНДЫҚ» ПЕН «ҰЛТТЫҚ», ЭТИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР

Том 85 № 1 (2024), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

Аңдатпа

Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі әлемдік мега-әлеуметтің өркениеттік дамуының конституционалдық ерекшелігі - ұлттық мемлекеттердің шекараларды бұзатын, «жаһандық-ұлттық» дихотомиясы мәселесін өзектендіретін әлемдік мега-әлеуметтік трансформация феномені,  сондай-ақ қалыптасып келе жатқан цифрлық шындықтың этикалық-құқықтық ерекшеліктері. Жаңа әлеуметтік-мәдени шындық адамның онтологиялық мәртебесін, оның өзіне және әлемге этика-онтологиялық қатынасын өзгертеді.

      Бұл зерттеудің мақсаты мен жаңалығы автордың Қазақстандағы цифрлық трансформацияның векторы мен болашағын анықтау үшін еліміздің мәдени және өркениеттік дамуының бірқатар ерекшеліктерін ескеру қажет деп санайды. Біріншіден: зерттеу қоғамдастығында Қазақстан әдетте транзиттік тип деп аталатын мемлекет ретінде жіктеледі, «демократиландырудың үшінші толқыны» (С. Хантингтон бойынша [1]), «кеш басталған» (А.Гершенкрон бойынша [2]), ондағы бастамалардың барлық түрлері билік элитасынан туындайды. Екіншіден: цифрлық трансформация – батыс өркениетінің феномені, бұл біздің еліміздің дамуындағы табиғи қадам емес (атап айтқанда қазіргі таңда), сондықтан біздің қоғам цифрлық ортаны өзі қалыптастырмайды, керісінше, цифрлық орта  біздің қоғамның осы ортаға бейімделуі және өзгеруін мәжбүрлеп отыр. Үшіншіден: қазіргі қазақ ұлттық-мемлекеттік бңрегейлігі өзінің мазмұны жағынан біртұтас, яғни мемлекет құраушы және мәдениетін құраушы қазақ этносының, кеңес халқы мен мәдениетті құрайтын екінші үлкен этнос – орыстар, орыстілділермәдениетінің архетипінің, рационалдық типінің ерекшеліктерімен айқындалады. Төртіншіден: Қазақстан Республикасындағы цифрлық трансформацияның векторы мен келешегін зерттеудің жалпы міндеті – трансмәдени ашықтықтың артықшылықтары мен ұлттық мәдени кодты бұзудың жоғары ықтималдылығыжәнемемлекеттің субъективтілігін жоғалту смяқты кемшіліктерінің «алтын ортасын» анықтау. Сонымен қатар, мемлекет институты ұлттық-мемлекеттік, мәдени және сайып келгенде, адами бірегейлікке дейінгі сәйкестіктердің барлық түрлерін қорғаудың негізгі кепілі болып қала беретінін ескеру қажет.

      Түйін сөздер: цифрлық трансформация, ұлттық-мемлекеттік бірегейлік, мемлекеттік субъективтілік, цифрлық құқықтар, цифрлық шындықтың этикалық және құқықтық аспектілері.