Құрылтайшы:

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң Философия, саясаттану және дінтану институты - 1958 жылы құрылған және Қазақстандағы Ғылым Ордасының ізбасары болып табылатын, еліміздің жетекші ғылыми зерттеу мекемесі.

Институт философия, саясаттану және дінтану саласында іргелі және тәжірибеге бағытталған зерттеулерді жүргізеді, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары білікті кадрларды даярлайды және әлеуметтік-гуманитарлық білім саласында ғылыми, сараптамалық және талдамалық қызметті жүзеге асырады.

Жарияланған мақалалар редакция алқасының көзқарасымен сәйкес келмеуi мүмкiн. Редакцияның сапалы мақалаларды таңдап алуға құқы бар, сондай-ақ, ұсынылған материалдардағы ақпараттардың дұрыс жеткiзiлуiне жауапкершiлiк алмайды.