Журнал туралы

«Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы заманауи әлеуметтік гуманитаристиканың философия, саясаттану және рухани-танымдық бағытындағы өзекті мәселелерді жариялайды.

Мерзімдік басылымды және ақпараттық агенттікті есепке қою куәлігінің №13403-Ж  22.02.2013 ж.

Мерзімді басылымдардың халықаралық стандартты нөмірі ISSN 1999-5911.

Журнал 2003 жылдан бері жарияланып келеді. Басылым жиілігі – жылына 4 рет.

Құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң Философия, саясаттану және дінтану институты - 1958 жылы құрылған және Қазақстандағы Ғылым Ордасының ізбасары болып табылатын, еліміздің жетекші ғылыми зерттеу мекемесі.

Институт философия, саясаттану және дінтану саласында іргелі және тәжірибеге бағытталған зерттеулерді жүргізеді, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жоғары білікті кадрларды даярлайды және әлеуметтік-гуманитарлық білім саласында ғылыми, сараптамалық және талдамалық қызметті жүзеге асырады.

Жазылу индексі – 74671.

 «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) қазақстандық базасында индекстеледі.

Журнал мақалалары DOI номерлерін алу арқылы CrossRef мәліметтер базасында тіркеледі .

09.00.00 – Фальсафа фанлари мамандығы бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін Өзбекстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясымен ұсынылған.