Журналдың редакциялық саясаты*

«Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы 2003 жылдан бері шығып келеді.

Журнал заманауи әлеуметтік гуманитаристиканың философия, саясаттану және рухани-танымдық бағытындағы өзекті мәселелерді талқылайтын ғылыми басылым мен ашық пікірталас алаңы болып табылады.

Журнал ғалымдардың, ЖОО мен колледждердің профессорлық-оқытушы   құрамының зерттеу қабылеттерін кәсіби деңгейге көтеруге, сонымен қатар қалың оқырман арасында философиялық-саясаттанулық және әлеуметтік гуманитарлық білімнің таралуына ғылыми тұрғыдан ықпал етеді.

Басылымның құрылтайшысы ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты  болып табылады.

Журнал ғылыми-басылымдық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады, өңделген және бекітілген мұқабасы, мерзімдік басылымның есепке қойылғандығы жайлы куәлігі, құрылтайшысы, ISSN, жазылым  индексі, жарияланған нөмір жайлы деректер, редакция алқасының құрамы және веб-сайты  көрсетілген негізгі беті бар

Журналда жарияланған мақалалар CrossRef мәліметтер базасына тіркеледі және әр мақалаға  дәйексөзді, сілтемені, электронды құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етені DOI  сандық идентификатор беріледі.

Журналды Қазақстандық дәйексөз алу базасы (КазБЦ)   «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) индекстейді.

Басылым Өзбекстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясымен 09.00.00 – Фальсафа фанлари мамандығы бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ұсынылған (қараңыз: Өзбекстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясымен диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ұсынылған ғылыми басылымдар тізімі. Өзбекстан Республикасының жоғары аттестациялық комиссиясының Президиумының шешімімен бекітілген . – Ташкент, 2019. –79 б.  Сілтеме: http://www.salohiyat.oak.uz/userfiles/files/Perechen-2019.pdf)

Журналдың редакциялық алқасы мен халықаралық редакциялық  кеңесіне танымал әрі беделді қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.

«Әл-Фараби» журналының редакциялық саясаты авторлық жарияланымдардың ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігі қағидасына негізделеді. Мақалалар журнал және электронды нұсқада жарияланады, толық мәтіні сайтқа жүктеледі.

Журналдың мақсаты

«Әл-Фараби» журналының мақсаты қазақстандық ғылымның социогуманитарлық интеллектуалдық капиталының әлеуметтік мәнін кеңейту және дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Журналдың міндеті

  • ғылыми қауымдастықты қазіргі заманғы әлеуметтік гуманитарлық білімнің өзекті салаларындағы жаңа зерттеулермен таныстыру;
  • қазақстандық зерттеулердің теориялық және әдіснамалық деңгейін көтеруге ықпал ету;
  • қазіргі заманғы әлеуметтік гуманитарлық дискурстың сұхбаттық стратегиясын дамытуды қолдау;
  • ғылым мен тәжірибенің байланысын нығайту, демократиялық өзгерістерді идеологиялық қолдау;

Журналдың тақырыптық бағыты

Журнал келесі тақырыптық бағыттар бойынша ғылыми жарияланымды жүзеге асырады:

  • Қазіргі және тарихи ретроспективадағы философия;
  • Тарих толқынындағы қазақ философиясы;
  • Дала өркениетінің сұлбасы
  • Әл-Фараби мұрасы: аудармалар мен зерттеулер
  • Шығыс – Батыс: мәдениет пен дәстүр сұхбаты
  • Адам өмірінің құндылығы
  • Жаһандану және мәдениаралық коммуникация
  • Қазіргі қоғам: бірегейлік, жаңғыру, болашақ;
  • Қазақстан: қазіргі заманның саяси шынайылығы;
  • Саяси ғылым: теория, әдіснама, тәжірибе
  • Дін және қазіргі заман
  • Ислам және қазіргі әлем
  • Философия, саясаттану және дінтану саласындағы жетістіктермен қатар Қазақстанның заманауи өзекті мәселелерін үйлестірген пәнаралық зерттеулер.
  • Сын және библиография
  • Ғылыми өмір

Қолжетімділік саясаты және материалдарды архивтеу

 «Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы өзінің ресми веб-сайтында өз контентіне деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Веб адрес: https://alfarabijournal.org/

Сайттағы барлық ақпараттар қазақ тілі, орыс және ағылшын тілінде беріліп, тек қазақстандық қана емес, шетелдік ғалымдар мен оқырмандарға да сайттың контентіне ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етеді.  

Сайтта журналдың редакциялық саясаты, оның мақсаты мен тақырыптық бағыты, мақаланы жариялау шарттары, рецензиялау саясаты, жариялау этикасы, редакция алқасы мен халықаралық редакциялық кеңестің құрамы, сонымен қатар, өзге де ақпараттар берілген.

Авторлар мен оқырмандар журналдың электронды нұсқасымен, өткен жылдардағы журнал нөмірлерінің архивымен таныса алады. Журналдың электронды нұсқадағы барлық басылымдары тегін таратылады.

Құпиялылық шарттары

Авторлар туралы ақпарат журналдың «Біздің авторлар» айдарында берілген. Ол жерде – аты-жөні, жұмыс орны, қызметі мен ғылыми дәрежесі, атағы туралы ақпараттар орналасқан.

Редакция алқасы рецензенттерге автор (авторлар), ал авторларға рецензент жайлы мәліметтерді жариялауға қатысты құпияны сақтап қалады.Сонымен қатар, мақалаға сын-пікір беретін үшін жақ жайлы ақпаратты да жарияламайды. 

Жарияланымдар жиілігі

Журнал жылына 4 рет жарияланады. Жарияланым тілдері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Жарияланған мақалалар редакция алқасының көзқарасымен сәйкес келмеуi мүмкiн. Редакцияның сапалы мақалаларды таңдап алуға құқы бар, сондай-ақ, ұсынылған материалдардағы ақпараттардың дұрыс жеткiзiлуiне жауапкершiлiк алмайды.

* Журналдың редакциялық саясаты «Әл-Фараби» журналының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы редакция алқасының кеңесінде талқыланды және бекітілді.  Кеңестің хаттамасы 2020 ж. №5.