Редакциялау жұмысының тәртібі және рецензиялау

Журнал талаптарына сәйкес дұрыс рәсімделген барлық мақалалар плагиатқа тексерілгеннен кейін, ары қарай рецензиялау жүйесінен өтеді. Рецензиялау жүйесі – қолжазбаны журналға жариялаудың міндетті компоненті болып табылады. 

 «Әл-Фараби» журналындағы рецензиялау үдерісі екі түрлі жасырын сын-пікір беру тәжірибесі арқылы жүзеге асады. Рецензент ретінде  ұсынылғын қолжазбаның ғылыми бағытына сәйкес кандидат және доктор, сонымен қатар философия докторы (PhD) дәрежесі бар ғалымдар бекітіледі.

Рецензиялау жасырын түрде жүзеге асады. Авторлар туралы мәліметтер көрсетілмеген мақаланың қолжазбасы электронды платформа арқылы рецензентке жіберіледі. Сонымен қатар, рецензентке қолжазбаны бағалау барысында көрініс табуы қажет негізгі ережелері көрсетілген «Рецензентке арналған нұсқаулықтар» жіберіледі.

Рецензент ұсынылған жұмыстың сапасын ғылыми сипат критерийлеріне, берілген тақырыптың өзектілігіне, ұсынылған мақала тақырыбының жаңалық дәрежесіне немесе таңдалған зерттеу бағытының жаңашылдығына, ұсынылған материалдың кәсіби сапасы зерттеу дискурсының палитрасын - пікірталастар, мәселені өңдеу дәрежесі, бастапқы дереккөздердің материалын игеру, ұсынылған фактілер мен материалдардың сенімділігі және т.б. шолулар бойынша бағаланады.

Рецензенттің ескертпелері ескеріліп, түзетулер енгізілген мақаланы жариялауға мүмкіндік беретін бағасы бар қолжазбаға рецензия алынғаннан кейін авторға (авторларға) электронды платформа арқылы рецензент жайлы мәліметтер көрсетілмеген  рецензия жіберіледі. Автор ескертпелерге жауап жазбай-ақ, мақала мәтініндегі ескертпелерді түзетіп, ғылыми редакторға қайта жібере алады.  

Рецензент берген ескертпелерді ескеріп, мақаланың мәтініне өзгерістер мен түзетулерді енгізіп, редакцияға қайта жіберілгеннен кейін, барлық материалдар рецензентке қайта рецензиядан өткізу үшін жіберіледі.  

Екі сарапшы мен ғылыми редактордан оң рецензия алған қолжазбалар «Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналына қабылдау кезегіне сәйкес басылымға ұсынылады. Редакция мүшелерімен мақұлданған қолжазбалар жауапты хатшыға журналдың кезекті санына жариялануы үшін жіберіледі.

Егер бір оң және бір теріс рецензия берілген жағдайда қолжазба өз қорытындысын беретін үшінші рецензентке немесе мақала тақырыбының бағыты бойынша маман болып табылатын редакция алқаларының бір мүшесіне жіберіледі. Жариялау/қабылдамау жайлы қорытынды шешімді «Әл-Фараби» журналының бас редакторы үшінші рецензияны немесе редакция алқасы мүшесінің қорытынды шешімін алған кезде қабылдайды. 

Екі теріс рецензия берілген жағдайда қолжазба қабылданбайды және авторға ескертіледі.  

Қолжазбаға берілген рецензия журналдың электронды платформасында электронды форматта  3 жыл бойы сақталынады.