Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Қолжазбаны рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар:

  • Мақала көлемі - А4 форматындағы 12-14 бет, шрифт 14 - Times New Roman, енін туралау, аралығы– бір, шекаралары– қарапайым (абзац – 1 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, үстіңгі – 2 см, астыңғы – 2 см).
  • Графиктер, суреттер, сызбалар, кестелер мақала мәтәнәнде нөмір және атауы көрсетілуі қажет (Мысалы: 1-кесте - Кестенің атауы).
  • Мақала ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу), Аңдатпа, Түйін сөздер, Негізгі бөлім, Әдебиеттер тізімі, Транслитерациясы болуы қажет.
  • Мақалалардың құрылымы келесідей болуы шарт: Кіріспе, Зерттеу әдіснамасы, Негізгі бөлімнің мазмұны ашылып көрсетілетін бөлімдер мен бөлімшелер, Қорытынды (Нәтижелер).

Мақаланы рәсімдеу ережелері

  • Бірінші жолдың оң жақ тұсына қалың қаріппенӘОЖ көрсетіледі
  • Бір жолдан кейін орта тұсына мақаланыңТАҚЫРЫБЫ үлкен әріптермен беріледі
  • Мақала тақырыбының астына қолжазбаның жазылған тілінде бір аралықпенАңдатпа мен Түйін сөздер жазылады (12 кегль)
  • Астына бір аралықпенКіріспе жазылады
  • Мақаланың негізгі бөлімі құрылымды болуы қажет. Бөлімшелердің арасы бір аралықта болып, әрқайсының Тақырыбы болуы шарт
  • Негізгі бөлімнен кейін бір аралықпенҚорытынды (Нәтижелер) беріледі
  • Кейін бір аралықпенӘдебиеттер тізімі және Transliteration беріледі Әдебеиттер тізімі МЕМТ1-2003 сәйкес рәсімделу керек (http://docs.cntd.ru/document/1200034383)   «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттар. Құрастырудың ортақ талаптары мен ережелері» Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама)
  • Транслитерация http://www.translit.ru  сайты арқылы жүзеге асырылады
  • Транслитерациядан кейін Аңдатпа және Түйін сөздер интервал арқылы, егер мақала орыс тілінде жазылған болса, қазақ және ағылшын тілдерінде, егер мақала қазақ тілінде жазылған болса, орыс және ағылшын тілінде беріледі.
  • Жариялауға мақұлданған мақала авторлары ғылыми журналдарда жарияланым үшін бекітілген баға прейскурантымен жарияланғаны үшін, сондай-ақ мақала авторларын CrossRef деректер базасында тіркегені үшін ақы төлеуі тиіс. Бекітілген баға прейскурантына сәйкес: мақаланы журналда жариялау үшін - 10 000 теңге, мақалаға DOI тағайындау үшін - 2000 теңге,  әр авторды CrossRef мәліметтер базасында тіркеу үшін - 2000 теңге.   Журнал талабына сәйкес рәсімделмеген мақалалар автоматты түрде кері қайтарылады.   Жарияланым үшін ақы төленгені туралы түбіртекті автор PDF форматында журнал редакциясының электрондық пошта мекенжайына жібереді.