Мақала қолжазба жариялау шарттары

Мақаланы жариялау шарттары

 «Әл-Фараби» әлеуметік-гуманитарлық зерттеулер журналына бұрын жарияланбаған және өзіндік авторлық сипатқа ие мақалалар қабылданады.

Журнал тақырыптық бағытына сай, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған және журнал талаптарына cәйкес рәсімделген мақалаларды қабылдайды (Авторларға арналған нұсқаулықты қараңыз)

Автор (авторлар) қолжазбаны журналдың веб-сайтына аты-жөнін, мемлекеттің пен қаланың атауын, жұмыс орнын, қызметі, ғылыми дәрежесін, атағын көрсете отырып, өзі жүктеу керек. Қосымша автор болған жағдайда, негізгі автор бірінші көрсетіліп, корреспонденция авторы ретінде  (*) белгісімен белгіленеді.

Автордың жеке немесе қосавторлықта ұсынған мақаласы бір жыл ішінде тек бер рет қана жарияланады. 

Авторлар плагиат немесе өзіндік плагиаты жоқ, ерекше сипаттағы мақалаларды ұсынуы қажет. Олар сонымен қатар, келтірілген мәліметтер мен алынған нәтижелердің жаңашылдығы мен дәлелдемелер қорына жауапкершілік танытулары қажет.  

Автор журналға мақаланы беру барысында ілеспе хатында жұмыстың ерекшелігін, бұрындары өзге баспалар мен электронды баспаларда, ашық ақпарат көздерінде жарияланбағандығын дәлелдеп, кейіндері де өзге басылымдарға жарияламау міндетін өзіне алады.

Мақаланы қарастыру барысында редакция алқасының авторлармен, рецензенттермен байланысы электронды платформада, өзге жағдайда электронды пошта арқылы жүзеге асады.

Журналдың редакция алқасының авторлардан түскен қолжазбаларды қарастыруы, рецензиялауды ұйымдастыру, жариялау немесе қабылдамау туралы шешімді қабылдау барысы сайтқа тіркелген сәттен бастап үш айдың ішінде жүзеге асырылады.

Бастапқыда «Әл-Фараби» журналына түскен қолжазбалар ғылыми мақалаларды рәсімдеу ережелерінің талаптарын орындауына қарай және плагиаттан тексерістен өтеді  (Авторларға арналған нұсқаулықты қараңыз).

Көшіру және плагиат

 Қолжазба «Әл-Фараби» журналының редакция алқасына түскеннен кейін плагиат арқылы мәтіннің көшірілмегендігі тексеріледі. Журнал StrikePlagiarism.com (https://strikeplagiarism.com)  антиплагиат жүйесіне жазылыммен қамтамасыз етілген.

Редакция алқасы  авторлығын көрсетпей, өзге авторлардың мәтінін сілтемесіз келтіру  яғни плагиатқа жол беруді ғалымның этикалық кодексін, зияткерлікті меншікті бұзушылық деп қарастырады. 

Журналдың редакция алқасы және қолжазбаларды басылымға ұсынудың ғылыми тұсына қатысы бар тұлғалардың барлығы Философия, саясаттану және дінтану институтының  ғылыми этиканың ережелері, стандарттары мен қағидаттарын орындауға қатысты  ғалымдардың қызметін реттейтін құқықтық құжаттарын басшылыққа ала отырып,  ғылыми-басылым қызметінің этикалық қағидаттары мен ережелері орындау міндетін  өзіне алады (Жариялау этикасын қараңыз).

Мәтіннің ерекшелігі 75% -дан астам қолжазбалар ғана жарияланымға ұсынылады. Бұл көрсеткіштен асып кетсе, қолжазба авторға қайтарылып, себебі түсіндіріледі. Автор түзетулерді, өзгертулерді басылым ережесіне сай енгізгеннен кейін мақаланы журналдың электронды платформасына қайта жүктеп, жіберуге құқы бар.

Редакция алқасы қабылдап, журналда жарияланып үлгерген мақалада плагиат анықталған жағдайда оны оқырмандарға ескерте отырып, журналдың ағымдағы саны мен ресми сайтынан алынып тасталынады. Мақала авторы (авторлары) ғалымның этикалық тәртіп ережелерді бұзғандығы анықталған сәттен бастап үш жылдың ішінде мақала жіберу құқынан айырылады.