РЕЛИГИЯ В СОЦИОКУЛЬТУРНЫХ КОНТЕКСТАХ СОВРЕМЕННОСТИ

ДІННІҢ ИНТЕГРАТИВТІ ЖӘНЕ ДЕЗИНТЕГРАТИВТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ФЕНОМЕНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Том 89 № 2 (2025), РЕЛИГИЯ В СОЦИОКУЛЬТУРНЫХ КОНТЕКСТАХ СОВРЕМЕННОСТИ
Том 89 № 2 (2025)
2025-06-30

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Борбасова , Қ. ., Мұқан, А., Мұқан, Н., & Аманқұл, Т. . (2025). ДІННІҢ ИНТЕГРАТИВТІ ЖӘНЕ ДЕЗИНТЕГРАТИВТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ФЕНОМЕНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. Аль-Фараби, 89(2), 128–141. https://doi.org/10.48010/2025.2/1999-5911.11

Аңдатпа

 Мақалада діннің интегративті және дезинтеграциялық қызметтері оның әлеуметтік және тұлғалық даму процестеріне әсер ету контекстінде қарастырылады. Теориялық аспект дінді нақты жағдайлар мен мақсаттарға байланысты адамдарды біріктіруге немесе бөлуге қабілетті әлеуметтік институт ретінде талдаған ғалымдардың зерттеулерін қамтиды. Практикалық аспект Қазақстандағы діндердің қызметімен байланысты нақты әлеуметтік, мәдени және саяси процестерді қарастыратын зерттеулер негізінде көрінеді

Зерттеудің негізгі мақсаты – діннің әлеуметтік байланыстарды нығайту мен қоғамды бөлшектеу үдерістеріндегі рөлін талдау, сондай-ақ оның қазіргі Қазақстан қоғамындағы орны мен ықпалын бағалау. Зерттеудің міндеттері: діннің әлеуметтік интеграция мен дезинтеграциядағы рөлін теориялық тұрғыдан талдау; Қазақстандағы діни дәстүрлердің ұлттық бірегейлік пен мәдениетаралық байланыстарды қалыптастырудағы орнын анықтау; діннің қоғамдық өмірге тигізетін ықпалын тиімді басқару жолдарын ұсыну.

Мақаланың негізгі бөлімінде Батыстық дін теорияларына талдау жасаған  Стаусбергтың зерттеулеріне сілтеме жасалады. Бұл дін теорияларының негізінде жатқан төрт басты сұрақ: діннің ерекшелігі, оның пайда болуы, оның функциялары және құрылымы қарастырылады. Стаусберг діннің функцияларын эмпирикалық тұрғыдан қарастыруды ұсынады, ал оның құрылымын стандартты элементтер арқылы сипаттауға тырысады. Батыстық теориялардағы тағы бір ерекшелік оларда «дін мәдени құбылыс емес, психикалық механизм» және адамның миында «қосалқы өнім» ретінде пайда болады деген эволюциялық дәлелдер беріледі.

Мақалада дін феноменологиясы негізінде діннің қоғамдағы бірлікті нығайтуға және әлеуметтік қақтығыстарды ушықтыруға ықпал ететін факторлары қарастырылады. Қазақстандағы діни ахуалға зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерін сүйене отырып мақала авторлары діни ұйымдардың әлеуметтік және мәдени процестердегі маңызын зерттейді. Сонымен қатар, діни сенімдердің ұлттық бірегейлікке әсері, діни плюрализмнің мәдениетаралық байланыстарға ықпалы және діни негіздегі қақтығыстардың себептері ашылады.

Зерттеу нәтижелері діннің Қазақстан қоғамындағы қосарланған рөлін көрсетеді: бір жағынан, ол ұлттық бірлікті нығайтып, рухани құндылықтарды сақтауға ықпал етсе, екінші жағынан, діни алауыздықтар мен радикализм қаупін тудыра алады. Авторлар діннің оң ықпалын арттыру және оның деструктивті әсерін азайту үшін ғылыми және құқықтық шаралар кешенін жасауды ұсынады.

Бұл зерттеу қазіргі Қазақстандағы діни факторлардың қоғамдағы тұрақтылыққа әсерін сараптап, діннің әлеуметтік қызметтерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді .

Түйін сөздер: дін теориялары, дін, қоғам, Қазақстан, мәдениет, дәстүр, діни ахуал, псевдоислам.