DOI:
Бұл мақалада мәдени туризм философиясының аспектілері, яғни оның даму бағыттары қазіргі қоғамының дүниетанымдық құндылықтар жүйесі негізінде байланыстыра қарастырылады. Сонымен бірге қазіргі мәдениаралық коммуникация жүйесіндегі туризм философиясының өзіндік ерекшеліктерін, проблемалық даму үдерістерін, болмысын, дүниетанымдық көзқарастар мен дәстүрлі ұлттық жүйелерін заманауи тұрғысынан талдауды мақсат етіп қойдық. Қазіргі мәдени туризм философиясы қазақ қоғамындағы ұлттық дүниетаным болмысына қатысты – тарихи-философиялық, мәдени-философиялық құндылықтар жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі. Өйткені ол халықтың ғылыми философиялық таным процесі мен ұлттық идеялық ізденістері жолындағы дүниетанымдық көзқарастырының бай тарихы мен өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Ғылыми зерттеулерге шолу жасай отырып туризм философиясының аспектілерін, қазіргі негізгі мәселелердің мәнін диалектика заңдары мен қағидаттар тұрғысынан түсіндіруге талпыныс жасалды. Осылайша, мақалада туризм философиясының аспектілері мәдени коммуникацияның негізгі теориялық категориясы ретінде қарастырылады. Қазіргі заманауи мәдени коммуникация бойынша туризм ерекше құндылыққа ие болғандықтан, оның философиялық мәнін ашу мен сыни тұрғыдан бағалау белгілі бір қиындық тудыруы мүмкін. Өйткені, туризмдегі үйреншікті өмір сүру шекарасынан шыгу, атап айтқанда физикалық, географиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, рухани және кез келген саяхат қажеттілігі еңбек құны теориясы мен шекті пайдалылық теориясының экономикалық парадигмалары аясында ғана шешіледі. Сөйтіп, бұл парадигмалық айырмашылықты ескеру үшін мақаламызда «туризмтану» немесе «туризм философиясы» саласы бойынша зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдардың алға тартқан пікірлерін, идеяларын, теорияларын түсіну және бағалау үлкен маңызға ие екендігі айтылады.
Түйін сөздер: философиялық аспектілер, адами құндылық, туризм философиясы, руханият, заманауи индустрия, туризм дүниетанымы, ұлттық сана қағидаты.