Мақалаларды рәсімдеу талаптары
Мақалаларды рәсімдеу талаптары
- Мақала жалпы көлемі 12 беттен кем емес және 14 беттен артық болмауы тиіс. 14 кегль, Times New Roman қарпі, мәтіннің екі жағына тегіс түзету, бір жақты интервал, абзацтық үзіліс – 1 см, жоғарғы және төменгі жолақтар – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см.
- Графиктер, суреттер, диаграммалар, кестелер мәтінде тікелей көрсетілуі керек, нумерация мен тақырыптармен бірге (мысалы: Табл.1 – Кестенің атауы).
- Мақалада УДК, Кілт сөздер, Негізгі бөлім, Әдебиеттер тізімі, Транслитерация болуы тиіс.
- Мақала мазмұны құрылымды болуы керек және Кіріспе, Әдістеме, Негізгі бөлімнің тармақтары, Қорытынды (Қорытындылар) бөлімдерінен тұруы тиіс.
Мақаланы рәсімдеу ережелері
- Бірінші жолда сол жақта қалың әріппен УДК көрсетіледі.
- Төменде бір интервал арқылы, ортасында қалың әріптермен Мақала Атауы жазылады.
- Төменде бір интервал арқылы мақала тілінде Аннотация мен Кілт сөздер беріледі (12 кегль).
- Төменде бір интервал арқылы Кіріспе жазылады.
- Мақаланың негізгі бөлімі құрылымды болуы тиіс. Әр бөлім бір интервалмен бөлінеді. Әр бөлімде Тақырып болуы тиіс.
- Негізгі бөлімнен кейін бір интервал арқылы Қорытынды (Қорытындылар) беріледі.
- Содан кейін бір интервал арқылы қалың әріппен Әдебиеттер тізімі мен Транслитерация көрсетіледі. Әдебиеттер ГОСТ 1.2003 талаптарына сәйкес рәсімделеді (http://docs.cntd.ru/document/1200034383).
- Үлгі:
- Әдебиеттер тізімі
- 1 Баадер В., Доне Е., Врендерфер М. Предмет и назначение философии истории. – М.: Колос, 1986. – 148 с.
- 2 Заварзин Г.А. Гуманитарное знание и моральные размышления // [Электронды ресурс] URL: https://ecologyandislam.wordpress.com/2010/01/03/an-islamic-approach-to-the-environment-ibrahim-ozdemir-ph-d/ (Қаралған күні: 01.02.2023)
- 3 Хамидов А.А. Мировозрение и философия // Әл-Фараби. – 2020. – №3(85). – С. 19–31. - Транслитерация: пайдаланылған (библиографиялық) әдебиеттердің латын әріптерімен берілген тізімі, егер әдебиеттер тізімі кириллицамен берілген болса, транслитерация жасау қажет.
- Транслитерацияны мына сайт арқылы жасай аласыз: https://translit.ru/
- Үлгі:
- Transliteration
- 1 Baader V., Done E., Vrenderfer M. Predmet i naznachenie filosofii istorii [The subject and purpose of the philosophy of history]. – M.: Kolos, 1986. – 148 s.
- 2 Zavarzin G.A. Gumanitarnoe znanie i moral'nye razmyshlenija [Humanitarian knowledge and moral reflections] // [Jelektrondy resurs] URL: https://ecologyandislam.wordpress.com/2010/01/03/an-islamic-approach-to-the-environment-ibrahim-ozdemir-ph-d/ (Qaralgan kuni: 01.02.2023).
- 3 Hamidov A.A. Mirovozrenie i filosofija [World view and philosophy] // Al-Farabi. – 2020. – N 3. – S. 19–31.
- Transliteration-ден кейін бір интервалмен мақала тілінде және ағылшын тілінде Аннотация мен Кілт сөздер беріледі, егер мақала орыс тілінде жазылса, ал қазақ тілінде жазылса, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
- Журнал талабына сәйкес рәсімделмеген мақалалар автоматты түрде кері қайтарылады