СОВРЕМЕННАЯ ФИЛОСОФИЯ: ТВОРЧЕСКАЯ ЛАБОРАТОРИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК ИДЕАЛЫНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Том 89 № 1 (2025), СОВРЕМЕННАЯ ФИЛОСОФИЯ: ТВОРЧЕСКАЯ ЛАБОРАТОРИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
Том 89 № 1 (2025)
2025-03-28

Авторлар

  • Аяжан Сағиқызы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты https://orcid.org/0000-0002-2133-374X
  • Ермек Тоқтаров Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies SC MES RK
  • Күлсия Қоңырбаева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты https://orcid.org/0000-0003-2073-9999

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сағиқызы, А., Токтаров, Е., & Конырбаева, К. (2025). ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК ИДЕАЛЫНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ. Аль-Фараби, 89(1), 62–74. https://doi.org/10.48010/2025.1/1999-5911.05
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік әділеттілік мәселесі талданады. Бұл мәселе философия тарихында ертеден бері қарастырылып келе жатқанымен өзектілігін осы күнге дейін жойған жоқ. Авторлар Платон мен Аристотель ілімдеріндегі және ХХ ғасырдың кейбір концепцияларындағы әділеттілік мәселесін қарастырады. Тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің кең тараған тәсілдерінің бірі қоғамдық қатынастар типіне негізделген жүйе болып табылады. Тарихи тұрғыдан алғанда, ең алдымен жеке тәуелділік жүйесі үстемдік етті, кейінірек оны алдымен Батыс Еуропада (XVII ғ.), содан кейін бір ғасыр ішінде бүкіл әлемде дерлік заттық тәуелділік жүйесі алмастырды. Мақалада көрсетілгендей, бірінші кезеңде әділеттілік теорияда да, күнделікті өмірде де теңдік ретінде түсінілген. Ал екінші кезеңде әділеттілік еркіндік ретінде қабылдана бастады. Тарихтың жеке тәуелділік қатынастары басым болған кезеңдерінде әділеттілік, түрлі нюанстарымен болса да, теңдік ретінде ұғынылғаны көрсетіледі. Ал қоғамда (постархаикалық дәуірде) таптық және басқа да әлеуметтік жіктелулер орын алғанда, жеке тәуелділік жүйесінде де теңдік туралы түсінік өзгеріске ұшырады. Ал XVII ғасырда алдымен Батыс Еуропада, кейінірек бүкіл әлемде заттық тәуелділік жүйесі орныққан кезде, теңдік әділеттіліктің негізгі өлшемі болудан қалды. Оның орнына негізгі өлшем ретінде еркіндік қабылданды. Алайда еркіндік те әлеуметтік, экономикалық және басқа да мәртебелерге байланысты әртүрлі формаларға ие бола бастады. Философтар, этика мамандары және саясаттанушылар алдында ешбір мүдделер ықпал етпеген, объективті әділеттілік өлшемін қалыптастыру міндеті тұр. Алайда бұл өлшем тек бір ғана қағидаға негізделмеуі керек, керісінше, адам өлшеміне сай үйлесімді байланысқан қағидалар жүйесі болуы қажет.

Түйін сөздер: әділеттілік, әлеуметтік әділеттілік идеалы, заң, теңдік, әділетті және әділетсіз, ізгілік, идеал.