ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

«АЛАШ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ САЯСИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

Том 89 № 2 (2025), ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 89 № 2 (2025)
2025-06-30

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нұрышева, Г. ., & Тайженбетова, А. (2025). «АЛАШ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ САЯСИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ. Аль-Фараби, 89(2), 3–17. https://doi.org/10.48010/2025.2/1999-5911.01

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси, мәдени-рухани мұрасы саяси-философиялық ойдың бір бағыты ретінде қарастырылып, талданады. Қазақ интеллигенттерінің қоғамдық сананы заман талабына қарай бейімдеу мен жаңғырту жолында қалыптастырған ұлттық-идеологиялық  жұмыстары зерделенеді. Мәселен, «Алаш» сөзі саяси қозғалысқа берілген жалқы атау ғана емес, оның философиялық маңызына, астарына үңілу арқылы терең мазмұнын ашуға қадам жасалды. Сол секілді, өткен ғасырдағы Түркістан Республикасын құру бастамалары мен жүзеге асыру процестері қазақ интеллигенттерінің пайым-толғаныстарының жемісі тұрғысынан тұжырымдалып, зиялы қауымның саяси-философиялық ойының даму эволюциясы ретіндегі маңызына назар аударылды. Сондай-ақ, социализм идеологиясын қабылдаған қазақ интеллигенциясының пайымдары, социалистік дүниетанымының ел алдындағы тарихи рөлі сараланды. Қазақ интеллигенттері арасынан идеяға арқау болған тұлғалардың идеяны өндіруші роліне маңыз беріліп, ой-тұжырымдардың таралуымен қатар олардың қызмет жолы мен ой-толғамдарын жалпыландыруға тырыстық. Сонымен бірге, өткен ғасырдағы бірнеше саяси-философиялық ойдың дамуы қазақ қоғамындағы саяси плюрализм ерекшеліктерін көрсетіп берді. Тақырыпты зерделеуарқылы ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси процестер қарама-қарсы күштердің, топтардың күрестерінен ғана тұрмағандығын, алдымен мақсатты көзқарастар мен идеялар жүйесінің текетіресі болғандығына көз жеткізілді. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси-философиялық ойдың даму үрдістерін зерттей отырып оларды бүгінгі Тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық-саяси оймен сабақтастырып отырдық.   

Түйін сөздер: Алаш, ұлттық идея, Түркістан Республикасы, саяси-философиялық ой, қазақ интеллигенциясы, социализм, қоғамдық-саяси процестер, саяси жүйелер.