Цифрландыру – қазіргі заманның басым бағыттарының бірі. Алайда, цифрландыру үдерістерінің мәні толық ашыла қоймағандықтан, жасанды интеллект бірде жарқын үмітпен, бірде үрейлі күдікпен сипатталады. Бір зерттеушілер ол еркіндіктің жоғалуына әкеліп, адамзатқа түрлі апаттар алып келеді деп санаса, енді біреулері одан әлемдік қауымдастықтың дамуына жаңа мүмкіндіктер мен әртүрлі игіліктер күтеді. Осы тұрғыда маңызды бір сұрақ туындайды: цифрландыру – тек технологиялық прогрестің кезекті кезеңі ғана ма, жоқ әлде, тек технологиялық негіз шеңберінде ғана жүзеге аса ма, әлде цифрландыру мен оның негізінде дамып жатқан жасанды интеллект адам болмысының жаһандық трансформациясына және оның мәнінің алмасуына әкелетін құбылыс па? Бұл сұраққа әзірге нақты жауап жоқ. Цифрландырудың осындай екіұшты сипатын христиандық жақсы түсінеді; оны христиан конфессиялары тарапынан бағалау – осы мақаланың зерттеу нысаны болып табылады.
Түйін сөздер: цифрландыру, жасанды интеллект, христиандық, адамның мәні, руханият, еркііндік, этикалық нормалар.